Елімізде зорлық көрген әйелдерді қорғайтын орталықтар ашылады

431

Қазіргі таңда мұндай орталықтар тек ірі қалаларда бар.  

Елімізде зорлық көрген әйелдерді қорғайтын орталықтар ашылады Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның барлық аудандарында зорлық көрген әйелдерді қорғайтын әрі қолдайтын орталық ашылмақ. Бұл туралы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазіргі таңда мұндай орталықтар тек ірі қалаларда бар.  

"Шалғайдағы тұратын әйелдер біріншіден оның барын білмейді, екіншіден, ол жерге беті көгеріп, алты баласы бар, қарт анасы бар, мал шаруасы бар, ол жерге бармайды. Әр ауданда арнайы отбасылық жәрдем беретін орталықтар ашылса, оның ішінде әлеуметтік, медициналық, білім жағынан көмек көрсетеді. Былтырғы жылдан бергі ұсынысымызды үкімет қолдап, қазір бірнеше аудандарда ашылып жатыр", - деді Әйел істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова.

Ал әйелін ұрған адам "Әкімшілік кодекс" бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір рет ұрсаң 5 күнге, екінші рет 10 күнге, үшінші рет қол көтерсең 15 күнге темір торға қамаласың. Таяққа еті үйреніп алған соң, мұндай әйелдің жанайқайына учаскелік полиция да назар аудармайды. Сюжет кейіпкерінің басынан дәл сондай жағдай өткен. Сондықтан қоғам белсенділері: "Тұрмыстық зорлықты "Әкімшіліктен" "Қылмыстық кодекске" ауыстыру керек",- деген ұсыныс айтып жүр. Ал полиция бұл теріс пікір,- дейді.

"Бір жағынан, бұны қылмыстыққа ауыстырмайтын себебі  қоғамда әйеліне қол көтеріп, қандай да бір кикілжің болған жағдайда еркектерді қамай берсек, отбасын асыраушы да әйел адам боп қалады", - дейді Астана қаласы ПД Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова.

Жалпы полицияға тұрмыстық зорлық бойынша түсетін 10 істің біреуі ғана сотқа жетеді екен. Біздің қоғам кешіруге бейім. Бір қызығы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатын еркектер де бар екен. "Алайда ондай бірде-екілі жағдай ғана кездеседі",- дейді полициядағылар. Бірақ олар таяқ жемейді, тек психологиялық қысым көреді-міс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу