Еліміздегі әйелдердің зейнет жасы қайта қарала ма?

480

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесіне қатысты мораторий енгізілген болатын. 

Еліміздегі әйелдердің зейнет жасы қайта қарала ма? Фото: ehonews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілісте өткен Үкімет сағатында әйелдердің зейнет жасына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. 2027 жылға дейін мораторий жарияланды. Тек қана модернизация мәселесі пысықталуда. Қоғамда сарапшылардың Ұлттық банкпен зейнетақы жинақтарын басқаруды түбегейлі қайта қарау бойынша ұсыныстар талқыланып жатқаны өздеріңізге белгілі. Базалық зейнетақыны өзгерткен күннің өзінде бұл бюджеттің мүмкіндігіне байланысты екенін бәріміз білеміз", - деп министр депутаттар сауалына жауап берді.

Айта кету керек,  осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнетке шығу мерзімін 2028 жылға дейін 61 жасқа белгіленетіндігін айтқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу