Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Соған байланысты 2023 жылғы 9 және 10 маусым аралығында барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қызметі;
- Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі;
- Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қызметі;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу қызметі уақытша қолжетімсіз.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу