Еліміздегі ипотеканың 62 пайызы ТҚЖБ-ға тиесілі

1031

Сондай-ақ, банктің депозиттік базасы 5,6%-ға өскен.

Еліміздегі ипотеканың 62 пайызы ТҚЖБ-ға тиесілі

Бірінші жартыжылдықтың нәтижесі бойынша, қазақстандық ипотеканың 62%-ы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне тиесілі. Бұл туралы банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова алғашқы жартыжылдықта жасалған жұмыс туралы есебінде айтылды, деп хабарлайды ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Банктердің тұрғын үй сатып алу үшін қазақстандықтарға берген 224,8 млрд теңге көлеміндегі қаражатының 139,8 миллиардын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ресімдеген. 16 090 салымшы заем иесі атанған.

Ол банктің депозиттік базасының 5,6%-ға өскенін атап өтті.

Есептік кезең нәтижесі бойынша, банк халықтың ұзақмерзімді салымдары нарығында 1-орынға ие болып отыр. Жинақтардың жалпы сомасы 549 млрд теңгені құрайды. Бұл екінші деңгейлі банктердің жалпы депозиттік қоржынының 26%-на тең. 2018 жылдың 6 айы ішінде банкте тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі туралы 204 915 жаңа келісім-шарт бекітілген.

Аталған кезең ішіндегі банктің несие қоржыны да өсім көрсетіп отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіндегі статистикаға сәйкес, несие қоржыны 527,8 млрд теңгені құрайды, бұл жыл басындағы көрсеткішке қарағанда 63,3 млн теңгеге артық. Осыған қарамастан, банктің NPL деңгейі (уақтылы өтелмеген, өтеу мерзімі 90 күннен асып кеткен) 0,05%-ға төмендеп, 0,25%-ға дейін түскен. 2017 жылдың қорытындысы бойынша банктегі NPL деңгейі 0,30%-ды құраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу