Еліміздегі мемлекеттік органдар мен "электрондық үкіметтің" сайттары қолжетімді болмайды

1464

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықта жоспарлы жұмыстар жүргізеді.  

Еліміздегі мемлекеттік органдар мен  "электрондық үкіметтің" сайттары қолжетімді болмайды

"Электрондық үкімет" порталы мен мемлекеттік органдардың сайттары 14 желтоқсан күнгі кештен бастап бір күн бойы жұмыс істемейді, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықта жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты кейбір интернет-ресурстар 14 желтоқсандағы 21: 00-ден 15 желтоқсандағы 21: 00-ге дейін жұмыс істемейді", - делінген компания хабарламасында.
 Атап айтқанда, "Электрондық үкіметтің" порталы, "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі, "Мобильді үкімет" қосымшасы, TelegramBot - EgoKzBot2.0, бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе "Е-нотариус", міндетті техникалық тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесі ресурстары қолжетімсіз болады.
 Сондай-ақ, "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры, "Өнімді таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімдері, "Монополист" сервистік бағдарламалық өнімдер базасы, мемлекеттік органдардың веб-сайттары, Жоғарғы Соттың сайты, Ұлттық куәландыру орталығының веб-сайты, бірыңғай байланыс орталығы - 1414 жұмыс істемейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу