Еліміздегі заңдар сауатты әрі түсінікті қазақ тілінде қашан жазылады?

507

Қаншама жыл бойы заң жобалары мемлекеттік тілде емес, басқа тілдерде жазылып келді. 

Еліміздегі заңдар сауатты әрі түсінікті қазақ тілінде қашан жазылады?  Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев Орталық комманикациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Әрине Конституция бойынша мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тілдер туралы заң бар. Бұл құжатта іс жүргізу тілі мемлекеттік тіл деп жазылған. Сондықтан заңның нормаларын сақтау бойынша сәйкес шаралар қабылдануы керек деп ойлаймын", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Спикер Әділет министрлігінің бұл мәселені қолға алғанын жеткізді. 

"Бұрын қаншама жыл бойы заң жобалары басқа тілдерде дайындалып, жазылып отырған. Мемлекеттік тілде Google Translate қосымшасы арқылы (ред. – аудару) сияқты жағдай да тіркелген. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік органдардың басшылары өзінің қолына алуы керек", - деп атап өтті министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу