Еліміздегі журналистика факультеттерінде тексеріс жүргізіледі

1076

Вице-министрдің айтуынша, өңірлердегі кейбір университеттер біліксіз мамандарды дайындап жатыр.  

Еліміздегі журналистика факультеттерінде тексеріс жүргізіледі

Өңірлердегі журналистика факультеттерінде тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

 

"Жоғары оқу орындарына (ЖОО) қатысты мәселе бар. Олар "қандай журналистерді дайындап жатыр?". Кейбір университеттердегі журналистика факультеттері маманданбаған. Олар біліксіз мамандарды дайындап жатыр. Тіпті, шағын ЖОО-лар да журналистерді оқытуда. Бұл жалпы журналистиканың имиджіне кері әсерін тигізіп жатыр", - деді вице-министр "Қазақстанның медиа саласын дамыту" тақырыбында өткен кеңесте.

 

Осыған байланысты ол Қазақстандағы журналистика факультеттерінде тексеріс жүргізілетінін атап өтті.

"Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлтты университетіне шағын ЖОО-лардағы журналистика факультеттерінде тексеріс жүргізуді ұсындық", деп түйіндеді сөзін Кемелбек Ойшыбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда журналистика факультетін тәмамдаған студенттердің 40%-ы мамандық бойынша жұмыс істемейтіні хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу