Ақтөбе облысында 2021 жылғы 21 қараша күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ, жолда көрудің нашарлауы) "Самара-Шымкент" автожолының 526 шақырымында, атап айтқанда, Құршасай ауылы мен БҚО шекарасы арасындағы, "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" 160-330 шақырымында, атап айтқанда, Шұбарқұдық ауылы мен Атырау облысының шекарасы арасындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында 2021 жылғы 21 қараша күні сағат 08:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысындағы "Самара-Шымкент" автожолының 394-526 шақырымында, атап айтқанда, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасында автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу қойылды.
Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.
Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарлауға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу