Еліміздің 5 облысында құс тұмауы анықталды

916

Қазірдің өзінде 100 мыңға жуық қанатты қырылып қалған.

Еліміздің 5 облысында құс тұмауы анықталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Солтүстік Қазақстан облысыдағы эпизоотиялық жағдай туралы брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева өңірдегі қазіргі ахуалға тоқталды. 

"Бүгінде 5 облыстың 47 елдімекенінде, 26 ауданында құс тұмауы тіркелген. Жеке қожалықтарда 12 мың 926, Солтүстік Қазақстан облысыдағы құс фабрикасында 41 мың қанатты қырылып қалған. Өңірлер бойынша СҚО-да 27 елдімекен  мен 11 ауданда осындай жайт анықталып, 23 ауылда және 8 ауданда құс тұмауы расталды", – дейді Гүлмира Исаева. 

Сәйкесінше 17 қыркүйекте Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті СҚО-дағы 7 ауданнан және "Айыртау" ауданының бір ауылдық округінен құс шығаруға тыйым салған. 

"19-21 қыркүйек аралығында Бескөл құс фабрикасында 41 мың бас қанаттының қырылу фактісі тіркелді.  Ал Ақмола облысында 9 ауыл мен 5 ауданда 286 құс өлімі анықталды. Осындай жағдай Қостанай облысында да (505 бас), Қарағанды облысында (43 бас) орын алды", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 

Құралай Құдайберген

Фото: uprvetro.donland.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу