Еліміздің үш өңірінде салынатын орыстілді мектептерде қанша оқушы білім алуы мүмкін?

993

Құзырлы орган алдын ала ақпаратты берді.

Еліміздің үш өңірінде салынатын орыстілді мектептерде қанша оқушы білім алуы мүмкін? Фото: opennews.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің оңтүстігінде салынатын орыстілді мектептерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Редакция тілшісі "Түркістан, Қызылорда, Таразда орыс тілді үш мектеп салынатыны белгілі болды. Бұл білім ордаларында қанша оқушыны қабылдауды жоспарлап отырсыздар? Сұраныс қандай? Қандай да бір талдау жүргіздіңіздер ме?" деп сұрады. 

"Жалпы бұл мектептерге қатысты осы өңірлердегі азаматтар тарапынан ұсыныстарды зерттеп көрдік. Негізгі үш өңірде салынатын мектептердің жалпы ауқымы 1200 оқушы сыйымдылығы бар мектептер, яғни үш өңірде әрқайсысы 1200 орындық мектептер салу жоспарланып отыр. Бірақ бұл бағытта әлі де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл алдын ала айтылып отырған ақпарат. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жүргізіле беретін болады. Уақыт көрсетеді деп ойлаймын. Жалпы сұраныс бар", – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің сөзінше, үш мектеп Ресей тарапының қаржысына салынады, оқулықтармен Қазақстан қамтамасыз етпек. 

"Оқыту біздің мемлекеттік стандарт шеңберінде жүргізілетіні тұрғысынан қазір жұмыстар атқарылып, аяқталып қалды, яғни біздің бағдарлама, біздің стандарттың шеңберінде жүреді", – деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Ресей президенті Владимир Путин "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында елімізде салынатын орыстілді мектептер туралы айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу