Еліміздің үздік педагогі 4 млн теңге сыйақы алады

202

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Еліміздің үздік педагогі 4 млн теңге сыйақы алады Фото: gov.kz

Биыл "Үздік педагог" республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды.

Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар енді республикалық кезеңде "Үздік педагог" атағы үшін сайысқа түседі.

Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, жемісті жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі бастау алды. Республика күні қарсаңында еліміздің "Үздік педагогі" анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланбақ. Жүлдегерлерге "Үздік педагог" атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады.

Аталған байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам "Үздік педагог" атағының иегері бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу