3-5 маусымда Қазақстанның жеті аймағында қатты аптап ыстық болады деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.
3-4 маусымда Атырау облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреп, шаңды дауыл соғып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, желдің күші 15-20 м / с жетеді.
3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін қатты ыстық деп болжанып отыр.
Құтқарушылар күннің ысып, ауа температурасының күрт өзгеруіне қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылымағанын және жүзуге қолайсыз екенін ескертеді.