Еліміздің жолдарында 11 мыңнан аса бақылау жүйесі орнатылған

751

Биыл көлікті мас күйінде тізгіндеген 13 мың жүргізуші жазаланды. 

Еліміздің жолдарында 11 мыңнан аса бақылау жүйесі орнатылған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ел жолдарындағы жедел-профилактикалық шаралар туралы сөз қозғады. 

"Биыл полиция қызметкерлері 3 млн-нан аса жол ережесін бұзу фактісін анықтады. 119 мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 13 мың жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндегені үшін ұсталды. Бұған қоса, сот тәртібімен 15 мыңнан аса адам жүргізуші куәлігінен айырылды. 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды", – деді комитет төрағасының орынбасары. 

Оның сөзінше, қауіпсіздікті күшейту үшін еліміздің жолдарында 11 мыңнан аса автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылған. Олардың көмегімен жыл сайын 1,5 млн жол ережесін бұзу фактілері анықталады. Бұл жалпы заң бұзушылықтардың 40%-ы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу