Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы атанды

1173

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы атанды

"Алматы Арена" мұз айдынында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 18 жасқа дейінгі спортшылары өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаудан ашық ел чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА. 

Жарысқа 80-ге жуық мәнерлеп сырғанаушылар қатысқан. Олар еліміздің барлық аймақтарынан және шетелдерден келіп, мәнерлеп сырғанаудың үш бағыты бойынша өнер көрсетті.  Спорт шеберлерінің арасынан бастапқы екі бағдарламаның қорытындылары бойынша, қыздар арасында бірінші орынды айтарлықтай алшақтықпен Элизабет Тұрсынбаева (216,46) жеңіп алды. Одан кейінгі орындарда келе жатқан алматылық Айза Иманбек пен Александра Саютина 135,11 және 123,41 ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Ер балалар арасында үздіктердің қатарын 150,48 ұпаймен алматылық Артур Панихин бастады. Оның ізін ала (132,13) ұпаймен қарағандылық Мелис Хакимов келсе, астаналық Никита Манько (129,92) ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу