Эльмира Нұрбекова жауап алғаннан кейін ғана медициналық куәландырудан өткен

Бұл туралы бүгінгі Шерзат Полат өліміне қатысты сот процесінің 2-бөлімінде айтылды. 

Эльмира Нұрбекова жауап алғаннан кейін ғана медициналық куәландырудан өткен Фото: Бейнежазбадан

Азамат, Нұрбол Тоқтаубаевтартың қорғаушысы адвокат Бабажанова куәгерге сұрақтарды қарша боратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2024 жылдың 4 қазан күні сізден қанша рет жауап алынды?" деп сұрады. Өз кезегінде куәгер Эльмира Нұрбекова оған "4-5-6-сына дейін жауап алынды, нақты неше рет екенін айта алмаймын" деп жауап қатты. Содан кейін диалог былаша өрбіді.

– Сіз айтып отырсыз ғой, мені 100 адам жауап алып, әрқайсысы кабинетіне кіргізді деп. 

– Бір жауап алудан шығамын, 5 минуттан кейін екіншісіне кіремін. 

– Осы алынған жауаптардың барлығы хаттамамен толтырылды ма? 

– Нақты айта алмаймын. 

– Сізге жауап алынғаннан кейін хаттама берілуі керек. Сіз сол хаттаманы оқисыз, сосын қол қоясыз. Ондай болды ма? 

– Жоқ, ондай болмады. 

– Ал қашан жауап алынып, қай күні сізден қол алынды? 

– 4-інен 5-іне қараған түні тергеуші жауап алды. 5-і күні кешке жауап алған кезде айтты. 

– Қай тергеуші жауап алғаны қазір есіңізде ме? Барлық жауаптарды бір тергеуші алды ма, әртүрлі тергеуші болды ма? 

– Әртүрлі тергеуші болды. 

– Медициналық куәландырудан өттіңіз бе? 

– Келесі күні. 

– 4-і күні ме? 

– Иә. 

– Сізден жауап алғанына қорғануға құқы бар куә ретінде алған жауаптың алдында (алғашқы жауап алу) куәландырды ма, одан кейін бе? 

– Жауап алғаннан кейін куәландырды. 

– Құрметті сот осыны назарыңызға алуды сұраймыз. 

Содан соң адвокат Бабажанова оқиға орнынан қанша әйел адамды көргенін сұрады. Ол бір ғана әйелді көргенін айтты. 

Бұған дейін адвокат куәгерден тергеудегі сөзін неге өзгерткенін сұраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу