Оған прокурорлар да, адвокаттар да жан-жақтан түрлі сұрақтар қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мерседеспен келіп тоқтаған кезде Нұрқияс, Равиль, Азамат және мен танымайтын 2 жігіт келіп түстік дейсіз. Бұл жерде біздің адамымыз жоқ, – деді Абзал Шанасылдың адвокаты.
"Мен оларды бұрыннан танымаймын" деді куәгер Эльмира Нұрбекова.
Ол куәгерден одан кейінгі жауаптарында Абзалды қосатынын айтты.
"Шерзаттың өліміне Абзалдың (Шынасыл) қатысы болды ма?" деп сұрады айыпталушылардың адвокаты.
– Жерде жатқан адамды мен айтып бергенмін. Соны көрдім, соны ұрып жатқанын көрдім, – деп қысқа қайырды куәгер.
Сол уақытта адвокат "жамбастан пышақтағанын өзі де мойындап отыр" дей келе Эльмира Нұрбековадан берген жауаптарына Абзалды қосып, Азаматты (Тоқтаубаев) алып тастағанына көңіл бөлген. "Сол кезде адамдардың есімін неге өзгерттіңіз?" деді адвокат.
"Мен кім қандай киім кигенін айтқан кезде фотоларын көрсетті" деді Э.Нұрбекова.
Сол-ақ екен адвокат "Сіз ұрып-теуіп жатқан кезде қара куртка киген адамды иығынан тарттым дейсіз, бірақ ол адамның кім екенін басында айтқансыз. Оны есіңізге түсіріп айта аласыз ба? Сіз кімді тартып алып кеттіңіз?" деп сұрақ қойды.
"Мен ол кісіні тартқан кезде жердегі адамды қатап тұрып қалдым" деп жауап қатты куәгер.
Бұған дейін куәгер Эльмира Нұрбекова неліктен полицияға хабарласпағанын айтқан еді.