Эльмира Суханбердиева кінәсін толық мойындады

1120

Елордада ҚР білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтіп жатыр.

Эльмира Суханбердиева кінәсін толық мойындады Фото: ortcom.kz

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...)  Күдікті өз айыбын толық мойындады", – деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот отырысында.

Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталып, 2 айға қамауға алынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу