Шымкент қаласында 31 наурыз бен 5 сәуір аралығында панкратионнан ересектер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласының панкратион шеберлері түйіндеді.
Ересектер арасында спортшыларымыз елорда қоржынына 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені салды.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа жанкүйер қауым қатысқан жоқ. Тиісті санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу