Елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтеді

1082

Эпидемиологиялық жағдайдың салдарынан елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтетін болды, ал жартысы өткізілмейді. 

Елорда күніне арналған іс-шаралар онлайн форматта өтеді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес жабық орындар мен концерт залдардағы іс-шараларға тыйым салынған. Сондай-ақ ашық ауадағы аттракционның барлық түрінің жұмысына тыйым салынады, деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.

Толымдылығы 20%-дан аспайтын театрлардың, сондай-ақ ПТР-тестері бар жылжымалы концерттердің жұмысына ғана рұқсат етіледі.

Сол сияқты "Ashyq" жобасы негізінде карантиндік шараларды қатаң түрде сақтай отырып, ашық ауада өтетін іс-шараларға рұқсат етіледі.

Елорда күнін мерекелеу әлеуметтік жобаларға арналады және тек әлеуметтік сипатта болады. Нақтырақ айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтары арасында кезекте тұрғандарға баспана кілтін табыстау, құрылысы ұзаққа созылған 20-ға жуық үйді аяқтау, Өндіріс және Көктал аудандарындағы ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру іс-шарасы өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу