Елорда маңындағы жол апатынан полицей қаза тапты

666

Тергеуді Ақмола облысының полиция қызметкерлері жүргізеді.  

Елорда маңындағы жол апатынан полицей қаза тапты

Нұр-Сұлтан маңында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 5 шілде түнгі сағат 00.24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында болған.

"Lexus GS 300-ді басқарған 30 жастағы жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, көлік аударылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Бұл факт Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан қаза тапқан полицей Сарыарқа ауданы ПБ Криминалды полиция бөлімі қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Lexus GS 300 көлігін де полиция қызметкері басқарған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу