Елорда мен Алматыда коронавирус бойынша тегін экспрес-тестілеуден өтуге болады

717

Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды.

Елорда мен Алматыда коронавирус бойынша тегін экспрес-тестілеуден өтуге болады

"Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалары 13 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирус бойынша тегін тестен өтуге болатынын жария етті, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Құрметті пациенттер. 13 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тегін экспрес-тестілеуден өтуге болатынын хабарлаймыз. Одан өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында анкета толтыруы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық анықтамасы негізінде таңдайды. Артынша бекітілген тізімдер "Олимп" КДЗ-ға түседі", - деп хабарлады "Олимп" КДЗ Facebook парақшасында.

Тізімде бекітілген пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге қай уақытта келуі керектігін айтады.

"Оператор нұсқаған процедуралық кабинетке бетперде киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек. Кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта тұруға тиіс. Процедуралық кабинеттен өткеннен кейін, коронавирус бойынша экспрес-тест алынады. Анализ қорытындысы анкетада көрсетілген поштаға жолданады. Маңызды жайт: Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен жүргізіледі. Қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды", – деп ескертеді "Олимп" КДЗ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу