Елорда мен Алматыда заңсыз шеруге шыққандар ұсталды

1109

Бұған дейін Бас прокуратура рұқсат етілмеген наразылық акцияларының ұйымдастырушылар мен қатысушылардың заң алдында жауап беретінін мәлімдеген болатын.

Елорда мен Алматыда заңсыз шеруге шыққандар ұсталды

Бүгін елорда мен Алматыда заңсыз шеру өткізуге тырысқандар болды, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митинг өткізуге тырысқандар болды. Бас прокуратураның заңсыз митинг туралы бірнеше мәрте ескертуіне қарамастан кей азаматтар заң талабын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға мән-жайды анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін 26 адам жеткізілді. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтары арандатушылық үндеулерге ермей, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырады", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу