Елорда таксопаркінің жүргізушісінде көлік жүргізу куәлігі болмаған

621

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.  

Елорда таксопаркінің жүргізушісінде көлік жүргізу куәлігі болмаған

27 қарашада астаналық такси жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 3-бөлігі – "Көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк айдауы" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ол 2018 жылы мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. "Тoyota Corolla" маркалы автокөлік тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен жүргізушіге 138 900 теңге (50 АЕК) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен бірге, таксопарк басшысы ҚР ӘҚБК 617-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты тұлғалардың, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын орындамауы" бойынша жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында көлік құралын пайдалану мен олардың техникалық жай-күйіне жауапты 62 адамға ҚР ӘҚБК 617-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу