"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметкерлері "Лесозавод" тұрғын үй алабының, "Агроқалашық" мөлтек ауданының және Қырқыншы станциясының көшелерінен КамАЗ-бен 500 рейстен астам қар шығарды, деп хабарлайды "ҚТЖ" баспасөз қызметі.
Шамамен 6 шақырым жол, жүздеген аула қардан тазартылған.
"Бір ай бойы Нұр – Сұлтанда екіайлық нормада қар жауды. Көптеген адамның өз аулалары аумағынан қарды дер кезінде тазартуға мүмкіндігі жоқ. Жұмыс кестесінің тығыз болса да, игі істер үшін әрқашанда уақыт табылады", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ – "Магистралдық желі дирекциясы" филиалының директоры Бауыржан Орынбасаров.
"ҚТЖ 2020 Қайырымды ісі" бағдарламасы шеңберінде еліміз бойынша мыңдаған теміржолшы осындай акцияларға қатысуда.