Елордада 29 учаскені су басуы мүмкін

991

Бүгінде қалада 11 қар шығару полигоны бар.  

Елордада 29 учаскені су басуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда су басу қаупі бар 29 учаске бар. Бұл туралы қалалық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бауыржан Бейсенқанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Елорда бойынша су басу қаупі бар 29 учаске белгіленген", - деді басшы елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2019-2020 жылдармен салыстырғанда су басу қаупі бар учаскенің саны азайған.

"Өткен жылдары қалада мұндай учаскенің саны 37 болған еді.

Еңбектің арқасында ол 29-ға азайды. Қазіргі таңда мұнда қар және арықтарды тазалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр", - деді Бауыржан Бейсенқанов.

Басқармасы басшысы қыс басталғалы бері Нұр-Сұлтаннан 1 млн 400 мыңға жуық текше метр қар шығарылғанын атап өтті.

"Қалада 11 қар шығару полигоны бар. Оның ешқайсысы толған жоқ", - деп түйіндеді сөзі басшы.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда тасқын қаупі бар екені хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу