Елордада 500 орындық құтқару нысаны дайындалды

541

Астана аумағында бұрқасын мен қар құрсауында қалғандарға қонақүйлер мен хостелдер қызмет көрсетеді.

Елордада 500 орындық құтқару нысаны дайындалды

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті қысқы маусымға дайындығын пысықтады. Департамент басшысының орынбасары Есен Байыровтың айтуынша, табиғи сипатта төтенше жағдай жариялана қалған күнде қала аумағында бір мезетте 2514 маман құтқару жұмыстарына шыға алады.

"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін департамент бойынша әкімнің шешімімен 2514 адам, 530 бірлік құтқару және инженерлік техника, 28 құрамадан тұратын азаматтық қорғау құрылымы бекітілді. "Астана Тазалық" ЖШС базасында 17 мың текше метр құм-тұз қоспасы және 407 тонна көктайғаққа қарсы реагент дайындалды. Төтенше жағдай болған уақытта қыс мезгілінде қаланың аумағында зардап шеккендерге мың адамға арналған 10 обьект, жылыту пунктері қарастырылған. Сондай-ақ 500 адамды сыйғызатын 4 қонақүй, хостел, жатақхана дайындалды", – деді ТЖД өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу