Елордада алдағы оқу жылында қанша мектеп салынады

225

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында қалада салынатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордада алдағы оқу жылында қанша мектеп салынады Фото: Астана әкімдігі

– Біздің басым міндеттеріміздің бірі – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Олар – оқу орындарының, медициналық мекемелердің, балабақшалардың, студенттерге арналған жатақханалардың, Оқушылар сарайларының, қоғамдық кеңістіктердің (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар), аулалардың және т.б. құрылысы. Мәселен, мектеп туралы айтар болсақ, 2024 жылы білім ошағын 12,5 мыңнан астам оқушы тәмамдады. Ал сол уақытта бірінші сыныпқа 28,5 мыңнан астам бала барды. Бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 2 еседен асып түседі. Тиісінше қалада жыл сайын мектептер салу қажет, – деді Астана қаласының әкімі. 

Жеңіс Қасымбек қаланы аралау барысында М.Төлебаев пен Бурабай, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен І.Жансүгіров көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Егемен Қазақстан, Иманов көшелерінде орналасқан бірқатар мектептің құрылыс барысымен танысқанын айтты.

Сондай-ақ, осы оқу жылының басынан бері 24 оқу орнын салынып, қолданысқа берілгені, бұл – елорда үшін рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті. 

– Аталған мектептер екі ауысымда 66 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. 24 оқу орнының – 16-сы жайлы мектеп. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл жайлы білім ордалары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді. Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына да жеке қаражат тартамыз. Сонымен қатар, жыл сайын педагог мамандығына гранттар бөле отырып, кадрлар даярлаумен айналысамыз. Қазіргі уақытта қала әкімдігінің гранты бойынша ЖОО-да 2 мың 200-ге жуық адам білім алып жүр, – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу