Елордада әскери міндетін орындаудан қашқан 3 мыңға жуық азамат жүр

622

Әскери борышын өтеуге міндеттілер есебінде тұғандар көбіне Нұр-Сұлтан қаласына уақытша келіп, басқа мекенжайлар бойынша тіркеледі. Осыған байланысты оларды табу қиынға соғады.

Елордада әскери міндетін орындаудан қашқан 3 мыңға жуық азамат жүр

Елордада 3 мыңға жуық азамат әскери міндетін орындаудан жалтарып жүр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ақжартай Уәлиахметов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Мерзімді әскери міндетін орындаудан жалтаратын азаматтар болады. Біз полиция басқармаларына олардың тізімін жолдаймыз. Кейін заңнамада көрсетілген тәртіптерге сәйкес, азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Әскери борышын өтеуге міндеттілер есебінде тұғандар көбіне Нұр-Сұлтан қаласына уақытша келіп, басқа мекенжайлар бойынша тіркеледі. Осыған байланысты оларды табу қиынға соғады. Қазіргі таңда елорда бойынша мерзімді әскери міндеттен жалтарған 3 мыңға жуық азамат іздестіріліп жатыр", - деді Ақжартай Уәлиахметов.

Еске салайық, биыл әскер қатарына 18 мыңнан астам жасты шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Қарулы күштерге 8 мың, басқа да әскери құрылымдарға 10 мыңнан астам азаматты мерзімді қызметке шақыру қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу