Елордада автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандар орнатылады

750

Пилоттық жобаны жүзеге асырудан жағармай тұтыну мен ауаға тарайтын лас қалдықтардың мөлшері азаяды.

Елордада автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандар орнатылады

Нұр-Сұлтанда автокөліктерді қыздыруға арналған электр бағандарының қосымша нүктелері орнатылады. Инновациялық жоба қала әкімдігінде талқыланды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

АДБ есебінен жүзеге асатын мұндай жобалар қоршаған ортаға пайдалы: жағармай тұтыну мөлшері азайып, ауаға лас қалдықтардың залалы азаяды.

Технология 2 бөліктен тұрады: 1-бөлігі – электростанцияның өзі, 2-бөлігі – көлікте орнатылатын құрылғы. Сол құрылғы арқылы көлік электр бағанына қосылады.

Пилоттық жоба төменде көрсетілген тұрақ аймақтарында іске асырылады:

- "Нұрсая -2" тұрғын үй кешені (Мәңгілік Ел даңғ., 13);

- "Сарыарқа" ауданының әкімдігі (Сарыарқа даңғылы, 13);

- Есіл ауданының әкімдігі (Қабанбай батыр даңғылы, 33);

- "Toyota city" дилерлік компаниясы (Тұран даңғылы 76);

- "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының "Ақмола магистралдық желі бөлімшесі" (Шынтас бұрылысы 1а).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу