Елордада бір күнде коронавирустың 65 ошағы анықталды

954

Бір айда 3763 астаналық COVID-19 індетін жұқтырған.

Елордада бір күнде коронавирустың 65 ошағы анықталды

Нұр-Сұлтан қаласы COVID-19 індетінің таралу деңгейі бойынша "сары аймаққа" өткенімен, ошақтар азаймай тұр. Бұл туралы қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

"30 қаңтардан бастап COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймаққа" көшті. Алайда қалада барлық жастағы және контингенттегі тұрғындар арасында ауру жағдайлары тіркелуде. 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда аурудың 1,5  есеге немесе 35 пайыз өсуі байқалады. Сонымен, 2021 жылғы қаңтардың басынан бері 3763 жағдай тіркелді. Бір тәулікте инфекцияның 61  жағдайы тіркелді. Оның ішінде симптомдармен – 44 жағдай, 17 -  симптомсыз. 65 ошақ анықталды. Оның ішінде 49-ы үй, 16-сы ұйымдастырылған", - деді деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу