Дезинсекциялық іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайтуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың "Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" ММ мен "Столичная дезинфекция" ЖШС шыбын-шіркейдің өршуіне жол бермеу мақсатында қаладағы барлық су айдындарында дезинсекциялық іс-шаралар өткізді.
Осы жылдың 30 сәуірінен бастап "Столичная дезинфекция" ЖШС елорда орталығынан бастап ашық массивтерді (парктер, скверлер, тұрғын аудандар) өңдей бастайды. Мұнда қала сыртындағы масалар мен шіркейлердің орын ауыстыруы болады.
"Өңдеу кезінде біз қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауыңызды сұраймыз. Атап айтқанда, жұмыс жүргізіліп жатқан тұста серуендемеу, дезмашина үйіңіздің алдында жұмыс істеген кезде, терезелерді жауып тастауыңызды өтінеміз", - делінген ведомство хабарламасында.