Елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды

890

Таңнан бері тоқтамай жауып тұрған ақ ұлпа аршылған аумақтарды тағы да жауып қалатын түрі бар.

Елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ тоқтатылды

Еліміздің бас қаласында боран күшейіп, қалалық білім басқармасы оқушылардың сабаққа бармағаны жөн деп шешті.

"22.01.2020 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды",– деп хабар таратты білім басқармасы.

Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі секундына 23 метр жылдамдықпен жел тұратынын алдын ала кеше хабарлаған болатын.

Айта кетсек, елордада өткен аптада түскен қалың қарды қала сыртына шығарып үлгермей жатыр, тұрғындар коммуналдық қызметтердің жұмысына көңілдері толмай отыр.

Таңнан бері тоқтамай жауып тұрған ақ ұлпа аршылған аумақтарды тағы да жауып қалатын түрі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу