Елордада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады

407

Учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елордада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылады Фото: twitter.com

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмыстарына байланысты 3 тәулікке жабылады. Бұл туралы Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылындағы жергілікті өткелінде жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты 12-15 шілде аралығында дейін жол жабылады", - делінген хабарламада. 

Айта кету керек, осыған дейін елордада Мәңгілік Ел даңғылы, Арай көшесі және "Тұлпар" көпірінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу