banner

Елордада кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып жүрген әзербайжандық ұсталды

627

Күдікті алған ақшасын Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне аударып отырған.

Елордада кәсіпкерлерді қорқытып, ақша алып жүрген әзербайжандық ұсталды

Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ мүшесі ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қ. бойынша  департаменті ҰҚК "А" АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР ҚК 266-бабы ("ТҚҚ әрекетін қаржыландыру") бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі "С" деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады",– делінген хабарламада.

Күдікті жергілікті кәсіпкерлерді қорқытып, олардан ақша алып, Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне аударып отырған.

Қазір ұсталған адам Нұр-Сұлтан қ. ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 10 қыркүйекте астанада арнайы операция жүргізілген болатын. Оның барысында көрсетілген топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкердің Toyota маркалы көлігін қорқытып, тартып алмақ болған жерінен ұсталған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу