Астанада қазақ тілінен өтетін тегін курсқа өтінім қабылдау жүріп жатыр

97

Оқу курсына қатысу үшін өтініштер 20 тамызға дейін қабылданады. Ал оқудың өзі 2 қыркүйек күні басталады. 

Астанада қазақ тілінен өтетін тегін курсқа өтінім қабылдау жүріп жатыр Фото: gov.kz

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінен тегін курс өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Курс келесі мекенжайларда өтеді:
• Шұбар ауданы, Балауса 11, Жазушылар үйі;
• Бейбітшілік к-сі, 9, "Руханият" КММ;
• Ш.Құдайбердіұлы к-сі, 25/3 үй, 5-балалар кітапханасы және Астана қаласының ОКЖ Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;
• Бөгенбай батыр даңғылы, 52. Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы;
• Р.Қошқарбаев даңғылы, 50;
• ⁠Ш.Қосшығұлұлы, 8/2

Өтініштерді қабылдау Бейбітшілік к-сі, 9, 209 кабинетте өтеді.

Байланыс телефоны: 8 7172 24 90 52; 8 747 248 82 20.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу