Елордада қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиі талқыланды

1623

Талқылау нәтижесінде отырыс мүшелері латын әліпбиінің умлаут нұсқасын қолдады. 

Елордада қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиі талқыланды

Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" республикалық ғылыми-практикалық орталығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындары ғалымдары және кәсіптік-техникалық ұйымдары оқытушыларының қатысуымен қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мамандар латын графикасына негізделген әліпби жобасындағы кейбір дыбыстардың таңбалануын қайта қарастырып, олардың жазылым мен оқылымындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қатысты. Талқылау нәтижесінде отырыс мүшелері латын әліпбиінің умлаут нұсқасын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу