Елордада көлік жолаушылар отырған автобусқа соғылды

948

Оқыс оқиға бүгін сағат 9:42-де болған.

Елордада көлік жолаушылар отырған автобусқа соғылды

Нұр-Сұлтанда Toyota Yaris көлігі автобусқа соғылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Нұр-Сұлтан – Қарағанды" тас жолында кетіп бара жатқан Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі автомобиль тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, автобусқа соғылған.

"36 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобуста отырған жолаушылар зардап шекпеген", - деп жазылған қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу