Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 500-ге жуық көлік жүргізушісі жазаланды

581

Коммуналдық тұраққа 1300-ден астам көлік қойылды.

Елордада мас күйінде көлік тізгіндеген 500-ге жуық көлік жүргізушісі жазаланды Фото: Massaget.kz

Мас күйінде көлік жүргізген, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 26 жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері 42 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталған. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде елордада 37 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген. 

2022 жылдың сәуір айынан бастап елордада ІІМ “Qorgau” жол қозғалысын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, ол арқылы полицейлер күн сайын тәртіп бұзушы жүргізушілерді анықтайды. 

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар туралы ақпарат қызметкерлердің планшеттеріне тікелей түседі, бұл автомобильдерді тез анықтауға мүмкіндік береді. ІІМ “Qorgau” мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері 28 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері туралы хабардар етілді. Көлікті басқаруға куәлігі жоқ 1300-ден астам жүргізуші анықталды. 

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 312 жүргізуші ұсталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу