Елордада оқушы қыз зорланды: Оқу-ағарту министрлігі не дейді?

1647

Ведомство қоғамда кез келген зорлық-зомбылық түріне нөлдік төзімділік мәдениеті болуы керек деген пікірде.  

Елордада оқушы қыз зорланды: Оқу-ағарту министрлігі не дейді? Фото: inbusiness.kz

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Сенат кулуарында Астанада 8-сынып оқушысының зорлыққа ұшырауына қатысты мәселеге пікір білдірді.

Тілші спикерден "Бұл оқиға мектеп қабырғасында болды ма әлде сабақтан тыс уақытта ма?" деп сұрады. 

"Бірден айта кету керек, кез келген құқық бұзушылық құқықтық алаңға түскен кезде ресми шешім шығарылғанға дейін ешкім де бұл ақпаратты тарата алмайды. Сондықтан да құқықтық алаңда кінәлі адамдар мен жауапкершілік нақты белгіленген жағдайда ғана осы мәселеге қатысты пікір білдіре аламыз", - деп қысқа қайырды бірінші вице-министр.

Наталья Жұмаділдаева оқиғанын қайда болғанын айтпады. 

"Қазір мемлекеттік саясатты, оның ішінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде саясатты қалыптастыратын орган ретінде құқықтық-нормативтік алаңда оны іске асырып жатырмыз. Бірақ зорлық мәселесі ең әуелі отбасылық тәлім-тәрбиеге де қатысты екенін айта кету керек. Егер де мемлекеттік саясат қалыптастырылып, қоғам мен отбасында кез келген зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік болса, онда мұндай жаға ұстатарлық жайттар да болмайды", - деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған мектеп оқушылары ұсталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу