Елордада оқушылар арасында республикалық дебат турнирі басталды

672

Елімізде 100 мыңнан астам оқушыны қамтитын 6 мыңға жуық дебат клубы бар.  

Елордада оқушылар арасында республикалық дебат турнирі басталды Фото: ortcom.kz

Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында республикалық дебат турнирі басталды. Оған республиканың барлық өңірінен облыстық турнирлердің 100-ден астам жеңімпазы қатысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған.

Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шердің айтуынша, еліміздегі білім ордаларында дебат қозғалысы белсенді дамып келеді.

"Бүгінгі таңда 6 мыңға жуық дебат клубы бар, оларға 100 мыңнан астам оқушы барады. Бұл оқушылардың пікірсайысқа деген үлкен қызығушылығын айғақтайды. Пікірталас балалардың өз ұстанымдарын дәлелдеуге, құқықтық мәдениетін, азаматтық белсенділігін арттыруға көмектеседі. Шығармашылық және сыни ойлау, топпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Турнир қорытындысы бойынша ел мектептерінің үздік пікірсайысшы анықталады. Дебат – "Оқуға құштар мектеп", мектеп парламенттері, шахмат және робототехника сияқты министрлік жүзеге асыратын басым жобалардың бірі", - деп айтты спикер.

Айта кету керек, республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, үздік спикерлер дипломдармен, ал команда жаттықтырушылары алғыс хаттармен марапатталмақ. Сонымен қатар турнирдің барлық қатысушысына сертификаттар беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу