Елордада салынып жатқан 2 қабатты коттеджден өрт шықты, деп хабарлайды ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
"Бүгін 16:45-те "101" пультіне А52 көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан ТЖД өрт бөлімшелері жөнелтілді. Орынға келіп жеткенде салынып жатқан 2 қабатты коттедждің жабыны өртеніп жатқаны белгілі болды",– делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен жеке құрамның 28 адамы жұмылдырылған. Жалын 200 шаршы метрдей аумақты шарпыған.
"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала анықталғандай, өртке дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп болған",–делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу