Елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтіп жатыр

511

Турнирге еліміздің Алматы, Астана Қарағанды, Шымкент, Тараз қалаларынан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 150-ге тарта семсерлесуші қатысып жатыр. 

Елордада семсерлесуден республикалық ашық турнир өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласындағы "Аспан" спорт кешенінде жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында семсерлесуден "Астана қылышы" республикалық турнирі басталды.

"Астана қаласында дәстүрге айналған семсерлесуден республикалық турнирдің ауқымы кеңейіп, биыл "Астана қылышы" турнирі қаламызда он екінші рет өткізіліп жатыр. Жылдан жылға жастардың көптеп қатысуымен қатар елімізде семсерлесу спортының ең маңызды оқиғалардың бірі ретінде танымал болуы қуантады.

Бүгінгі жарысқа еліміздің барлық өңірінен 150-ге тарта жас өрендер қатысып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлудеміз. Бүгінгі жарыс – бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам. Сондай-ақ жас семсерлесушілер үшін өз шеберліктерін көрсетуге және әр өңірдің үздік спортшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік", - деді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Жарыс қатысушылары қарудың қылыш, сапы және найза секілді үш түрі бойынша жеке және командалық есепте сайысқа түсуде.

Айта кетейік, айтулы бәсеке 29 қыркүйекке дейін Астанадағы "Аспан" спорт кешенінде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу