Елордада тағы бір көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

529

Бұл учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Елордада тағы бір көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі Фото: Жайық Пресс

15-19 шілде аралығында Қабанбай батыр даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Керей Жәнібек хандар көшесіндегі жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сіздерді Қабанбай батыр даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Керей Жәнібек хандар көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабардар етеміз. Осыған байланысты 15-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада. 

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.

Айта кету керек, осыған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы бірнеше учаскеде жол жөндеу аяқталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу