Елордада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қозғалыс шектеледі

645

Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін қозғалысты толықтай жабу жоспарланған.  

Елордада Тұран мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында қозғалыс шектеледі

27 көшеде (Ұлы Дала) Тұран даңғылынан Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде магистральды жаңбыр суына арналған кәріз коллекторын орнату жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыстар кәріз жүйесінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету, негізгі көшелерді су басудың алдын алу мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін Тұран және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланып отыр.

 "Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өздерінің жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу