Айта кетсек, әлеуметтік нысандарға жылу беру 27 қыркүйектен басталған болатын.
Шаһарды газдандыру жүріп жатқаны белгілі. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлер газбен жылытуға дайын.
Ал жеке сектор тұрғындары үшін көмір сатып алатын орындар анықталған.
"Бағаның өсуіне жол бермес үшін компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша арнайы желі жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады", – деп жазылған әкімдік хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу