Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары отқа оранған үйден үш газ баллонын алып шықты

1066

Жарты сағаттан кейін өрт сөндіру экипажы келіп, әскери қызметшілердің бірлескен әрекетімен қызыл жалын ауыздықталды.  

Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары отқа оранған үйден үш газ баллонын алып шықты

Елордада Ұлттық ұлан сарбаздары отқа оранған үйдің ішінен үш газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, 6 наурыз күні кешқұрым Ұлттық ұлан патрулі көшеде жанұшыра көмек сұраған әйелдің дауысын естіп қалады. Аталған әйел тұрған жерге барған кезде, олар Балқантау көшесі бойында тұрған үйдің өртеніп жатқанын көреді. Әскери қызметшілер шұғыл түрде 101 пультіне хабар беріп, өртті сөндіруге кіріскен. Бес минуттан кейін оқиға орнына әскери нарядтар бойынша кезекші капитан Жеңіс Құрамысов келіп, қызметтестерімен бірге үйден үш газ баллонын алып шықты.

 "Сарбаздардың батыл іс-қимылдары үшін үй иесі алғыс айтты. Жақын арада Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің командирі аталған әскери қызметшілерді ынталандыру шараларын ұйымдастырады деп күтілуде", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу