Елордада жабық бассейндер, спа-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді

961

Елорданың бас санитары Сархат Бейсенова қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес, жабық бассейндер, SPA-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Елордада жабық бассейндер, спа-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді

Жаңа құжатқа сәйкес SPA-салондармен орталықтар, массаж орталықтары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып,  алдын ала жазу арқылы тек 3 келушіден аспайтындай етіп қана жұмыс істей алады. Өзгерістер компьютер клубтарына да қатысты болды. Компьютерлер клубына келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуға тиіс. Клуб толымдылығы 50%-дан аспау керек, сондай-ақ сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс режимі белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу