Елордада жүгіру және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді

679

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез-келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. 

Елордада жүгіру және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді

28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез-келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілер таңғы 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында "Strava" қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады. Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушылар жеке төлқұжаттарымен алдын ала тіркеуден өтуге тиіс.

Жарыстың шарты:

1. Жарыс нәтижесін бақылау үшін "Strava" қосымшасына тіркелу.

2.    sport.otdel.16@inbox.ru электронды поштасына:

- Аты-жөні;

- "Strava" қосымшасындағы парақша атауы;

- электронды мекенжайын жіберу

3. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, қауіпсіздік ережелеріне сай ашық аспан астында жүгіруге немесе веложүгіруге алдын ала бағытын дайындау. Сондай-ақ қатысушылар қауіпсіздігі мен денсаулықтарына өздері жауапты. Әр қатысушы қашықтықпен уақытын өзі таңдайды. Ескерту! Қаланың басты даңғылдары мен көшелеріне, жаяу жүргіншілер жолына шығуға қатаң тиым салынады.

4. Ұялы телефон мен қол сағаттарда "Strava" қосымшасын қосу. 

 5. Жүгіру немесе веложүгіруден кейін Instagram желісінде фото-видео есебін салып, @sport_nursultan @elordasport парақшаларын #онлайн5км, #онлайн10км, #онлайн15км, #онлайн25км хештегтерімен белгілеу.

Жарыс қорытындысын шығару үшін 30 тамыз күні сағат 22:00 ге дейін Instagram желісінде фото, видеолар жүктелуі қажет. Сондай-ақ әр қатысушы  WhatsApp желісінде  нәтижесін жіберуі керек.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу