Елордада жыл басынан бері 2 жасөспірімнен АИТВ анықталды

481

Олар диспансерлік есепке алынды. 

Елордада жыл басынан бері 2 жасөспірімнен АИТВ анықталды Фото: baq.kz

Астанада жыл басынан бері екі жасөспірімнен АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сарқыт Бейсенова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Алты айдың қорытындысы бойынша қалада АИТВ-инфекциясының 206 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жасөспірімдер арасында 2 жағдай", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қалалық ЖИТС орталығының мәліметінше, АИТВ-инфекциясы 16 және 17 жасар екі жасөспірімнен анықталған.

"Екеуі де диспансерлік есепке алынды, оларға антиретровирустық терапия тағайындалды. Олармен байланыста болған адамдар АИТВ-ға тексерілді. Жарты жылда анықталған 206 жағдайдың 65,5%-ы 20-39 жастағы адамдардың үлесіне тиеді. 14 жасқа дейінгі балалар арасында АИТВ жағдайлары тіркелген жоқ", - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Астана бойынша 2044 пациент АИТВ инфекциясы бойынша диспансерлік есепте тұр.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада алты айда қызылшаның 117 жағдайы анықталғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу