Елордадағы бірқатар медициналық мекемеге жаңа жабдықтар жеткізілді

517

Жабдық жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды. 

Елордадағы бірқатар медициналық мекемеге жаңа жабдықтар жеткізілді

Нұр-Сұлтандағы №12 емхана мен отбасылық денсаулық орталығына коронавирус инфекциясына диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоғары сапалы сандық рентген аппараттары жеткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жабдық жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруының өсуі тіркелді. Жауапты тұлғалар қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, маска тағуға және қашықтықты сақтауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентраторы, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр, 1600-ге жуық оттегі нүктелері және т. б. орнатылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу